Жаңа жылда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2019 жылғы 31 желтоқсан мен 2020 жылғы 5 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфералық фронттармен қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, сонымен қатар республикамыздың оңтүстік облыстарында көктайғақ күтілсе, ауа температурасының төмендеуі күтілмейді. Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылап, күндіз көптеген аймақтарда 0-8 градус аяз, оңтүстікте 0-10 градус жылыны құрайды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлікті мас күйінде айдағандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы