Жаңа жыл түні Астанада 12 ұл, 12 қыз өмірге келді

Астана, baq.kz. Астанада Жаңа жыл түнінде 24 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді.

«Түнгі 00:00-ден 1 қаңтардағы сағат 11:00-ге дейін Астана қаласы бойынша 24 бала дүниеге келді. Оның ішінде 12-сі ер бала және қалған 12-сі қыз. Нәрестелер мен олардың аналарының денсаулығы жағдайы жақсы», - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы