Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып салют атуға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өскемендегі полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы Айдар Манженов айтты.

Алтайньюс хабарлағандай, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша былтыр Жаңа жылда үш балконда өрт шыққан. Осыған байланысты құтқарушылар тобы дабыл қағуда.

Былтыр балконда от-шашу жағамын деп көршілерінің балконын өртеп алған қаншама оқиға тіркелді. Сондықтан да, от-шашуды ашық жерде жаққан дұрыс. Аталған талапты сақтамағандар ҚР ҚК-нің 434 бабы "Бұзақылық" бойынша әкімшілік жазаға тартылады, - дейді инспектор Айдар Манженов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы