Жаңа Зеландияда жанартаудың атқылауынан кейін жоғалғандар әлі табылған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландияда жанартаудың атқылауынан кейін жоғалған 8 адам әлі табылған жоқ, деп хабарлады 24.kz.
Жергілікті билік оларды мерт болды деп есептемек. Естеріңізге салайық, жанартау елдің солтүстігіндегі Уайт-Айленд аралында оянды. Ол кезде аралда 50-ге жуық турист болған. Олардың отызын күйік шалған. Дәрігерлер ауыр халде жатқандар да бар екенін айтады. Табиғат апатынан бастапқыда 5 адам қаза тапқаны жарияланды.
Айта кетейік, бұл аралға бір күндік сапармен жылына 10 мыңға жуық адам келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар пысықталды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы