Жаңа Зеландияда жұмыс күнін қысқарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел премьері табыс мөлшері сақталып, бос уақыты көбейген кезде адамдардың көп саяхаттайтынына сенімді. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн елдің барлық жұмыс берушілерін ішкі туризмді дамыту мақсатында компанияларындағы жұмыс режимін төрт күндік жұмыс аптасына көшіре бастауға шақырды. Ардерн кәсіпкерлерге арнаған үндеуін Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Сонымен қатар, үкімет басшысы жұмыскерлердің жалақысы бес күндік жұмыс режиміндегідей сақталуы тиіс деп есептейді. Премьер табыс мөлшері сақталып, бос уақыты көбейген кезде адамдардың көп саяхаттайтынына сенімді.
Егер сіз жұмыс беруші болсаңыз және бұл сіздің құзыретіңізде болса, 4 күндік жұмыс аптасы жайында шындап ойлануға шақырамын. Егер бұл ұсыныс сіздің кәсібіңізге зиян келтірмесе, ойланыңыз. Себебі, бұл ел туризміне пайдалы болары анық, - деді премьер.
Сондай-ақ, Ардерн жұмыс аптасын қысқарту туралы шешім жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімімен қабылдануы тиіс екенін атап өтті.
Пандемия кезінде өзге елдердегідей ,Жаңа Зеландияның туристік секторы да айтарлықтай құлдырауға тап болды: шекара жабылып, көптеген қызметкерлердің жалақысы азайды, кейбірі тіпті, жұмыстан босатылды.
Қазір елде коронавирустан кейін өмір біртіндеп өз арнасына түсе басталған соң, ел тұрғындарын экономиканың негізгі тетігі саналатын туризм саласын жандандыру туралы ойлануға шақырды.