Жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында айтып берді.

Биыл жаңа оқу жылынан бастап цифрлық сала үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жетекші колледждер базасында 31 жаңа мамандық пен бағдарлама енгізіледі. ЖОО білім беру жүйесінде IT саласында 51 мыңнан астам студент оқиды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғаюда. 326  кәсіби стандарттар негізінде IT бағыт бойынша 95 пайыз бағдарлама жаңартылды. Қыркүйек айынан бастап бірнеше өзгеріс енгізейін деп отырмыз. "Штатта ғана жұмыс істеу керек" деген талап азайтылғанның арқасында өндірістегі адамдарды тарту мүмкіндігі пайда болады, - деді ол. 
Министр атағандай, ғылыми дәрежесі бар талаптар да жұмсартылды. 
IT саласының өндірісте жұмыс істеген мамандар университеттерде сабақ береді. Білім беру бағдарламаларына үлкен өзгеріс енгізудеміз. 2018 жылға дейін IT саласында 2 мамандық бойынша ғана кадр дайындық. Біраз проблемалар болды. Өндірісте қолданылмайтын тілді игеру бойынша да мәселелер туды. Академиялық еркіндік болды. 2018 жылдан бастап университеттерге академиялық еркіндік берілді. Содан бері біраз алға жылжу бар, - деді ол. 
Аймағамбетов айтқандай, жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама енгізілетінін айтты. 
Оның нәтижесінде үлкен деректерді талдау, киберқауіпсіздік, робототехникалық жүйелер, жасанды интеллект сынды бағдарламалар пайда болды. Пәнаралық бағдарламалар бойынша мамандарды кеңінен дайындап жатырмыз. Цифрлық журналистика, медицинадағы объективті технологиялар, дәлме-дәл егіншілік сияқты мамандар даярланады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, министр осы бағыттағы министрліктің алдында тұрған міндеттерді айтып өткен еді.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы