Жаңа министр ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин министрлер кабинетін жаңа мүшесін таныстырды.

Өткен аптада ҚР президенті жарлығымен Бердібек Сапарбаев вице-премьер болып тағайындалса, Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне кіріскен еді. 

Өз кезегінде Біржан Нұрымбетов алғаш рет министр болып тағайындалғандықтан ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!" - деді Біржан Нұрымбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы