Жаңа әліпби бойынша су – suw болып жазылады – профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұрын "уық" деп қысқа қайырып жазып келсек, енді тіліміздің заңдылығына сай "uwiq" деп жазамыз. Бұл жердегі "у" екі дыбысты беріп тұр. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, профессоры Әлімхан Жүнісбек Алматыда өткен конференция кезінде БАҚ өкілдерімен тілдесу кезінде айтты.
Сөз арасында ол, әліпбидің соңғы нұсқасына жаңадан төрт таңба қосылғанын айта келе, кейбір таңбалардың екі дыбыс беретінін айтып өтті.Сөз арасында ол бұрын "уық" деп қысқа жазып келген сөз, енді тіліміздің заңдылығына сай "uwiq" деп жазылатынын да айттық.
Әлемде бас-аяғы бір ережеге бағынатын әліппе жоқ. Біздің әліпбидегі u-деген таңба төл сөздерімізде "ұ" деп оқылады, кірме сөздерде "у" деп айтып, оқитын боламыз. Ол жайында қосымша ескерту жасалады. "I" таңбасы да осындай, төл сөздерімізде "і" деп оқылады, кірме сөздерде "и" болып айтылады. Мұның барлығы мектептен бастап оқытылып, түсіндіріледі. Уақыт өте келе қолданысқа оңай еніп кетеді. Бастысы төл сөздерімізді, дыбыстарымызды аман алып қалуымыз керек, - дейді профессор.
Бұл жердегі "у" -ұу деген екі дыбысты беріп тұр. Енді су-деген suw деп жазылады. Бізге қарсы шығып жүргендер "тіліміз шұбалаңқы болып кетті, ықшам жазайық" дейді.Сондай-ақ ол, қоғамда қазір елдер латын әліпбиінен қашып, балаларын орыс мектептеріне беріп жатыр екен деген дақпыр шығып жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, мұның барлығы жаңа әліпбиді енгізбеуді бір амалы.
Жарайды, ықшам жазайық, алайда тіліміздің құрылымын бұзамыз ғой. Буын бұзылады, тасымал, тілдің әуезі бұзылады. Ондай ықшамдықтың бізге не керегі бар? Біздің тіліміздің ерекшелігінің өзі сол шұбалаңқылығында. Қазақ он буыннан тұратын сөзді қиналмай айта береді. Тіліміздің заңдылықтарын сақтамағандықтан бұған дейін әзірлеген үш әліпби де халыққа сіңбеді. Оны біреу ұнатпағандықтан алып тастап отырған жоқ, тіл заңдылығының өзі соны мәжбүрлеп отыр. Басты мәселе жазғанда да айтқанда да тіліміздің табиғи құрылымын бұзбайтын әліпби жасау болып отыр,- дейді ол.
Мұның барлығы жалған әңгіме. Әсіресе қазақша сөйлегісі келмейтіндер шығарады. Баласын қазақ мектебіне бермес үшін латын әліпбиін сылтау етіп жатыр. Керісінше қазір қазақ мектептерінде бала симай жатыр. Кейбір мектепте 10-12 бірінші сыныбы бар. Бес бала орыс мектебіне қашса, қазақ мектебіне 5 сынып келіп қосылып жатыр, - дейді Әлімхан Жүнісбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Astana Hub технопаркі бір жылда не бітірді?
Өзгелердің жаңалығы