Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін гранттарды кім ала алады

Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын тұлғаларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

Грант мөлшері: 100 АЕК-ке дейін.

Мемлекеттік грант кәсіпкерлердің қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуы үшін беріледі. 2019 жылы жаңа бизнес-идеяларды ашуға берілетін мемлекеттік грант алушылар саны 50-ден 200-ге дейін артқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы