"Жаңа Алатау" қорына 260 миллиондай қаржы жиналды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс білдірді.

Әкім instagram-дағы парақшасына "Жаңа Алатау" қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түскенін, бүгінде оның 136 млн теңгесіне көмек көрсетілгенін жазды. 
ҰОС және 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді, - деп жазды ол.

Сондай-ақ ол, Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі, - делінген әкімнің жазбасында. 

Сонымен қатар ол карантин кезінде жұмыс істеп жүрген еріктілер жайлы роликті бөлісіп, бұл фильм қаланың еріктілеріне арналатынын жеткізді.
Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы