Жүйелі жұмыс жоқ - Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жүйелі жұмыс жоқ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында айтты.

Отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігі мәселесі туралы айтты.

Бүгінде цифрлық кеңістікке мемлекеттік қызмет пен  күнделікті қолданыстағы тауар мен қызмет өтіп жатыр. Пандемия кезеңінде цифрлық технологияларды қолдану аса қажет екенін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігі жайында айтқымыз келеді. Қазақстанда 700 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 85 мыңының көру мүмкіндігі, 30 мыңының есту мүмкіндігі шектеулі, - деді ол. 
Ол атап өткендей, егер де веб-сайтта нашар көретіндерге арналған нұсқа болса, ол көру мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген деген қате түсінік бар.
Көзі кеміс адамдар веб-сайттарды арнайы ридерлер арқылы қолданады. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік органдардың сайттары мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетінше бейімделмеген деп айтуға болады, - деді ол. 
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сұрақ қойды. 
Жалпы, министрлік бақылау кезінде шағымдарды жиі көреді. Ведомствоаралық ынтымақтастық бұл кедергілерді жойып, кейбір мемлекеттік органдар квазимемлекеттік саладағы кейбір мәселелерді білместіктен назар аудармауы мүмкін. Құзыретті органдар бұл салаға қызығушылық танытуы керек. Министрліктен келетін ескертулерді қарау бойынша жүйе бар ма? Ол болса, бұл мәселеге жауап беретін жеке тұлғалардың жауапкершілігін қарау керек. Құзыретті орган  әрбір бағыт бойынша күн сайын қажеттілігі жоғары жандарға ақпараттың қолжетімділігі бойынша жұмыс істеуі керек, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы