Жұқпалы ауруханаларда 12 дені сау нәресте дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаланың медициналық ұйымдары қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын екенін айтты. 

Біз барлық міндет пен ұсыныстарымызды сақтауды талап етеміз. Бұл тұрғындар үшін өте қажет. Осы жағдайға қарамастан, өмір жалғасуда. Жұқпалы ауруханалардағы коронавирус жұқтырған аналар 12 дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Бұл дәрігерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде орын алған оқиға, - деді Сәуле Қисықова. 

Сондай-ақ Қисықова инфекцияға шалдыққан адамдардың қызуы көтеріліп, жөтел күшейген кезде медицина қызметкерлері қосымша зерттеулер өткізетінін айтты. 
Олар органдардың рентгенографиясы мен компьютерлік томографиясын  өткізіп, инфекционист дәрігерлердің кеңесіне жүгінеді. Кейін оның қорытындысы бойынша науқасты ауруханаға жатқызу шешімі қабылданады. Алайда қала тұрғындары ауруханаға жатудан бас тартып жатады. Осылайша, олар өздері мен туыстарының денсаулығына қауіп төндіретінін жеткізгіміз келеді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы