Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2 ақпанда Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді.
Қарсыласы - Стивен Мартинес (18-4, 13 КО). Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады.
Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен 3 ақпанда таңғы сағат 07:30-ға сәйкес келеді. QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 9 кездесу өткізген. Оның алтауында қарсыласын жеңген, үш рет ұтылған. Былтыр наурыздан бері жекпе-жекке шықпаған.
Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста ол Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем біріншілігінле топ жарды. Олимпиада ойындарында ширек финалға дейін жетті.
2018 жылы Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, 4 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетіп, біреуін нокаутпен аяқтады.