"Жұмыспен қамту жол картасына" 6 506 жоба ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.
Короновирус пандемиясы өз кезегінде экономикаға, және еңбек нарығына кері әсерін тигізуде. Осы тұрғыда, Үкімет тарапынан қолданып жатқан маңызды шараларың бірі – жаңа "Жұмыспен қамту жол картасы". Бағдарламаның негізгі шарттарына сай қызмет көрсетушілердің және пайдаланатын құрылыс материалдардың 90%-тен кем емес отандық өндірушілер мен мердігерлер болуы тиіс. Сонымен қатар, 50 %-тен кем емес құрылып жатқан жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз жүрген, әсіресе жұмыссыз жастарды ескере, тартылуы тиіс. Президенттің соңғы берген тапсырмалары бойынша сыртта жүрген жастарға, "Жол картасына" қатысқан жағдайда, алдын ала 2 ең төменгі жалақы көлемінде көтерме төлемі беріліп, әр жобада жұмысшылардың кәуіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиалық шараларды қамтамасыз ету шарт, - деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің мәлімдеуінше, "Жол картанының" іске асырылуын қадағалау жөнінде 25 наурызда ведомствоаралық комиссия құрылып, оның 5 отырысы өткізілді. Комиссия тарапынан бөлінген қаражаттың лимиттері және ұсынылған жобалар тізбесі бекітілді.
Жалпы, әкімдер тарапынан "Жол картасына" 6 506 жоба ұсынылды. Оның ішінде 2 703 жоба әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты, 1 039 жоба тұрғын-үй шаруашылығы нысандарына, 1 799 жоба инженерлік-көлік инфрақұрылымды қамтуға және 695 елді мекендерді абаттандыруға қатысты жобалар, - деді министр.
Министр аталған жобаларда барлығы 255 мың жұмыс орны құрылатынын айтты және оның айтуынша, іске асырылған жобалар алдағы уақытта әр-түрлі экономика салаларында 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға негіз болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбектер Мақтааралға көмектесеміз деп кепілдік берді - әкім
Келесі жаңалық
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы