Жұмыс берушілер мүгедек жандардың біліктілігі жеткіліксіз деп есептейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде «Ерекше таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиева айтты.

Осы жылдың көктемінде «Даму және біліктілік ақпараттық» орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сауалнама жүргізді. Зерттеудің нәтижесі бойынша 500 адамның 345-і компьютерлік технологияларды білмейтіндігін көрсетті. Яғни бұл олардың білім алуына да, жұмысқа орналасуына да әсерін тигізеді. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан ерекше жандар компьютерлік сауаттылықты үйренгісі келетіндерін айтқан. Олар зерттеуге қатысқандардың 33%-ы, - деді Захира Бегалиева.
Оның сөзінше, зерттеуге қатысқандар бағдарламалауды, таргет, SMM сияқты заманауи сұранысқа ие мамандықтарды оқығысы келетінін сөз еткен.
Бегалиева мүмкіндігі шектеулі жандар оқу орталықтары ерекше жабдықтармен бейімделмегендіктен сапалы білім ала алмайды. Онымен қоса, білікті мамандардың жетіспеушілігі де бар екенін айтты.
Қоғам әлі де мүмкіндігі мүмкіндігі шектеулі жандарды бөледі. Мысалы, кей жұмыс берушілер ерекше жандарды жұмыс істеу үшін біліктіліктері жеткіліксіз деп есептейді. Азаматтардың осы санатына көмектесу үшін «LIDER Z» жобасын бастап отырмыз, - деді ол.
Бұл жобаға 130-дан аса өтінім келіп түсті. Оның 60-ы іріктеп алынды. Сондай-ақ оқу екі тілде қашықтан жүргізіледі – қазақ және орыс. Ал оқытудың әдістемесі ерекше жандарға арналып жасалған.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «LIDER Z» онлайн мектебі ашылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы