Жұмада екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілде, жұма күні республиканың екі қаласында ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Жұма күні ауа сапасы екі қалада – Алматы мен Петропавлда нашарлайтыны күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы