Жұма күнгі ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 13 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында қалады. Соған орай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп болжайды.
Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болмақ."Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Головкин - Шеремета кездесуінің өтетін күні айтылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы