Жұма, 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар), дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, күндіз бұршақ, кей жерлерінде жел 15-23 м/с артады.

Күндіз Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, Қарағанды облысында тұман болжанады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, 15-25 м/с жылдамдықта жел тұрады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы