Жұма, 19 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 19 маусым, жұма күніне арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

Қазақстан аумағының көптеген аудандары арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, түнде тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с. Тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы