17 Қараша 2024 2024, 05:16
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ж. Елебеков атындағы дәстүрлі әншілер байқауы мәресіне жетті
Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ж. Елебеков атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың ІІ республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау колледж тарапынан әншінің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Бас жүлдені Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Асқат Ермұратұлы иеленді.
Іс-шара барысында Ж.Елебековтың репертуарындағы барлық әндер шырқалды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 қатысушының 15-і екінші кезеңге өтті. Байқау нәтижесінде олар Дипломант атағын, Көрермендер көзайымы жүлдесін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді.