Өзге қаладан келген колледж студенттеріне азық-түлік ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың арнаулы орта оқу орындарының мыңнан астам студентінің оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан колледждерінің жатақханасында тұратын өзге қалалық 50-ге жуық студенті қашықтан білім алуда. Оларға флеш-карталар, роутерлер, сондай-ақ азық-түлік жеткізілді.
Сонымен қатар студенттер ай сайын мемлекеттік стипендия алады. Бүгінде колледж әкімшілігіне өтініш білдірген мыңнан астам студентке оқу ақысының уақыты 2020 жылдың тамыз айына дейін ұзартылды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы