Зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды

Ақтөбеде зейнеткерлердің атына заңсыз несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірнеше зейнеткерден өз аттарына белгісіз тұлғалар тарапынан несие рәсімделгені туралы полицияға арыз түскен.

Тергеу барысында банктердің бірінің менеджері несие бойынша төлем операцияларын жүргізу сылтауымен клиенттердің хабарынсыз қарыз рәсімдеп, олардың шоттарынан ақшалай қаражатты шешіп алғаны анықталды. Қазіргі уақытта алты жәбірленуші белгілі. Күдікті өз кінәсін мойындады, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы