Жарты жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткерді өлтірген қаскөй ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер төрт ай бойы із-түзсіз жоғалдыға саналған зейнеткерді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствода хабарлағандай, полицияға Қазығұрт ауданының тұрғыны келіп Сарыағаш ауданындағы ауылдың бірінде тұратын анасы маусым айында із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арыз жазады.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеу реестрінің біріңғай тізіліміне тіркеліп, полиция жедел-іздестіру шараларына кіріскен.
Зейнеткерді іздестіруге криминалды полиция мен жергілікті учаскелік полиция да жұмылдырылады. Полиция маңайдың барлығын тексеріп, барлық көрші-қолаңнан сұрастарып шығады.
«Әйелдің жалғыз тұратындығы ескеріліп, оның кейінгі уақытта кіммен араласқаны барлығы тексереледі. Полицейлер осы уақытқа дейін іздеу жұмыстарын тоқтатпады, түскен ақпараттардың барлығын жіті тексеріп отырды. Сонымен қатар зейнеткерді біреу өлтіріп кетті деген де нұсқа қаралды. Бұл іс облыстық полиция департаменті башысының қадағалауында болды», - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Іздестіру шаралары нәтиже бермеген соң, бір айдан кейін полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғайды.
«4 ай өткеннен кейін жедел-іздестіру шараларының қызметкерлері зейнеткердің жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдіктінің ізіне түседі. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті Сарыағаш ауданында зейнеткердің үйінің қасынан үй жалдап тұрған екен. Оның айтуы бойынша, зейнеткермен оның арысында кикілжің болған екен. Кезекті рет зейнеткер берген қарызын сұраған кезде ол оны өлімше етіп ұрып тастаған. Ал денесін өзінің үйінің ауласына көмген. Полицейлер зейнеткердің денесін күдікті көрсеткен жерден тауып алып, сараптамаға жіберген», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер істің нақты қалай болғанын анықтап жатыр.