Зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады. Әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы