Зейнетақының бір бөлігін алу: Құжаттарды тапсыруға 20 күн беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова БЗТ-ны мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды тапсыру 45 күннен 20 күнге қысқартылғанын айтты.
БЗТ-ны мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі өзгертілді. Енді бұл үшін 45 жұмыс күні емес, 20 жұмыс күніне дейін уақыт бөлінеді.
Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін БЖЗҚ-дан қаражат түскенше, салымшы құжаттарын жинап үлгеруі үшін 45 жұмыс күні берілетін. Қазір ол 20 күнге дейін қысқартылды. Бұл мемлекеттік органдардың ұжымдық шешімі болды. Біз оларға статистикалық деректерді бердік. Біздің дерегімізше, 9 ай бойғы порталдың жұмысы кезінде қазақстандықтарға қажетті құжатты жинау үшін орташа есеппен 17 жұмыс күні жеткілікті екенін анықтадық, - деп түсіндірді банк басшысы.
«Отбасы Банкі» бұған дейін хабарлағандай, жаңашылдық ережелерге енгізілген өзгерістер күшіне енген күннен, яғни 14 желтоқсаннан бастап жүзеге асады.
Бұған дейін осы жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатына пайдалануға болатынын хабарладық. «Отбасы банк» оператор ретінде қазақстандықтардан enpf-otbasy.kz платформасы арқылы өтініштерді қабылдауды бастады.
Зейнетақы жинақтарын депозитке аудару үшін бірнеше қадамды орындау қажет.