Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі жетілдірілмек

Қорғаныс ведомствосында әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш кеңеске Бас прокуратураның және Бас әскери прокуратураның, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы Премьер-министр орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік органдар әзірлеген ұсыныстарды қарады.

Отырыс соңында осы бағыттағы жұмыстың жалғасатыны айтылды. Ал жұмыс тобы әзірлеген ұсыныстар одан әрі қарау үшін Үкіметке жіберілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы