Зейнетақы жинақтарын депозитке аударудың жолдары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын алу ережелеріндегі өзгерістер туралы айтып берді.

Азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақтарына өздерінің жарналарын толықтыруға мүмкіндіктері бар, - деді ол.

Жаңа опцияны пайдалану үшін қандай қадамдарды орындау қажет:

1) Алдымен ЭЦҚ арқылы www.enpf-otbasy.kz платформасына кіріңіз.
2) Жеке кабинетте жарамды депозит пен арнайы шоттың бар-жоғын тексеру керек.
- Егер жарамды депозит болса, бірақ арнайы шот болмаса, онда платформада сол жерде өтінімге қол қою қажет болады және жүйе оны автоматты түрде ашады.
- Жарамды депозит болмаса, оны алдын ала «Отбасы банкінде» ашу керек. Депозитті онлайн ашуға болады.
3) Осы әрекеттер аяқталғаннан кейін www.enpf-otbasy.kz порталында өтінім қалыптастырылып, БЖЗҚ-ға жіберіледі.
4) БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және біржолғы зейнетақы төлемдері қаражаты «Отбасы банкіндегі» арнайы шотқа аударылады.
5) БЖЗҚ-дан қаражат түскеннен кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, толтырылатын депозитті таңдауыңыз керек. Кейін ақша депозитке аударылады.

Біржолғы зейнетақы төлемдері депозиттері Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің стандартты шарттарына бағынады. Жинақ шоттарына банктің жылдық 2% сыйақы мөлшерлемесі және 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы беріледі. Оның көлемі 200 АЕК-тен аспайтын жыл ішіндегі жинақ сомасын құрайды.

Сіз несиені БЗТ қаражаты депозитке түскеннен кейін бірден немесе 3 жыл ішіндегі кез келген уақытта рәсімдей аласыз. Ипотеканың мақсаттары - пәтер сатып алу, жеке үй сатып алу, жеке тұрғын үйдің құрылысына, жер телімін сатып алу. Егер қазіргі уақытта www.enpf-otbasy.kz платформасының пайдаланушылары басқа мақсатты таңдаған болса, онда оны жаңа мақсатқа оңай өзгертуге болады, - деп айтты Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы