Министр зейнетақы жинақтарына қатысты өз ұсыныстарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы бойынша берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады. 

Тікелей жарналардың бір бөлігін пайдалану бойынша бірнеше ұсыныс айтылды. Біріншісі жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты. Біз оларға жинақтаған жарналарының ең төменгі жеткілікті сомадан асатынын бөлігін берсек. Бұл жердегі "жеткілікті шегі" деген – әр азаматтың жинақтаушы зейнетақы қорындағы бар салымдарының сомасы ең аз дегенде өмір бойы ең төменгі зейнетақы алуға жеткілікті сомасы. Екінші категория – зейнет жасына жеткендер. Зейнет жасына жетіп, бірақ жинақтаушы зейнетақы қорында ақшасы бар азаматтарға жинақтауларының 50 пайызына дейінгі сомасын алса дейміз. Қазіргі заңға сәйкес, олар ақшаны тек ай сайын ала алады. Алайда, бір шарт бар, ол азаматтың жинақтаушы қорында және оның мемлекет тарапынан алатын базалық зейнетақы мен еңбек зейнетақсы қосқан кезде қалған ақшасы ең аз дегенде оның табысының 40 пайызынан төмен болмауы қажет, - деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірқатар тапсырма жүктеген.
24 қаңтарда осы мәселе бойынша президент алғашқы маңызды қадам жасалғанын айтты. "Біздің мақсатымыз барлық жинақтарды таратып беру емес, себебі бұл жинақтар азаматтардың қарттығын қамтамасыз етуге керек" деді. Осыған қоса, бұл жалақыны көлеңкеден шығаруға, жұмыс берушіден жарналарды талап етуге ынталандыруға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар, Үкімет пен Ұлттық банк мүмкіндік беруге болатын азаматтар тобын кеңейтуі қажет екенін айтып, бізге тапсырма берді, - деп атап өтті министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы