28 Қыркүйек 2026, 19:58 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Зейнетақы жинақтары: Павлодарлық әйел өз ақшасын шешіп алу үшін алаяқтарға ақша төледі

Көкшетауда зейнетақы жинақтарына қатысты алаяқтық жасады деген екі күдікті ұсталды.

Көкшетаулық полицейлер зейнетақы жинақтарын алуға көмектесеміз деген алаяқтыққа қатысы бар екі күдіктіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Не болды?

Көкшетау қалалық полиция басқармасында Павлодар тұрғынының арызы бойынша тіркелген алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Осы жылдың тамыз айында белгісіз біреулер әйелге зейнетақы жинақтарын алуға көмектесуді ұсынған. Олардың уәделеріне сенген ол 140 мың теңге берген.

Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеді. Екі айдан кейін де жәбірленушіге ақшасы қайтарылмаған соң ол полицияға жүгінген.

Кімдер анықталды?

Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полицейлер Көкшетаудың екі тұрғынын анықтады.

Әйелдер өз кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ басқа да жәбірленушілердің болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тексерілуде.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Полиция азаматтарды сыйақы үшін зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге немесе алуға көмектесеміз деп уәде беретін бейтаныс адамдарға ақша бермеуге шақырады.

Сондай-ақ бөгде тұлғаларға жеке және банк деректерін, SMS-кодтар мен банк шоттары туралы мәліметтерді хабарлауға болмайды.

Күдікті ұсыныстар түскен жағдайда, құқық қорғау органдары ақпаратты ресми көздер арқылы өз бетінше тексеруге және оңай ақша алу уәделерінің әсерінен шешім қабылдамауға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған