Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа функциясы іске қосылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайты мен мобильді қосымшасындағы зейнетақы калькуляторы жаңарды, деп хабарлады BAQ.KZ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сілтеме жасап.

Болжамды зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыны жоспарлау құралы.

Аталған құрал салымшыға зейнетақы төлемдерінің болжалды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы:

• мемлекеттік бюджет (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақы);

• БЖЗҚ-ға жұмыскерлердің табысынан төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналары;

• 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары. Оны жұмыс беруші БЖЗҚ-ға еңбек жағдайы қауіпті, зиянды жұмыспен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына аударады;

• ерікті зейнетақы жарналары.

Салымшылар үшін зейнетақы калькуляторында жаңа функциялар пайда болды.

Біріншіден, зейнетақы калькуляторы жинақтарды алу жоспарланған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы өздігінен келесі тетіктерді таңдай алады:

- зейнетақы жинақтарын алатын жылы және қалаған сомасы,

- алынған сомадан жеке табыс салығын (ЖТС) бір рет ұстап қалу (толық көлемде, БЖЗҚ-дан жинақтарды алу кезінде) немесе ай сайын (БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу кезінде тең үлестермен).

Екіншіден, калькуляторға заңнамада көзделген түзету коэффициентін ескере отырып, қауіпті және зиянды өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерді көтермелеу есебі қосылды.

Үшіншіден, калькулятор зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің қозғалысын көруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, зейнетақыны есептеу үшін «Негізгі деректер» блогында жеке мәліметтерді (туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы және т.б.) толтыру қажет. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте алдын ала тіркелген болсаңыз, калькуляторда да автоматты түрде толтырылады.

Нәтиже сіздің болжамды зейнетақы блогында көрсетіледі. Зейнетке шығу жасы мен күнін, жинақтар таусылғанға дейінгі жылдар санын (БЖЗҚ-дан төлемдер алған жағдайда), зейнетке шығу сәтіндегі жалақының болжамды мөлшерін және табысты болжамды зейнетақыға ауыстыру коэффициентін қамтиды. Сонымен қатар кетсе түрінде көрсетілген жылдар бойынша болжамды зейнетақының өзгеру үдерісі де қамтылады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ әрбір салымшының болашақ зейнетақысының мқлшері оның зейнетақы жинақтарына байланысты болып келеді.

 Зейнетақыны есептеу нәтижелері кепілдендірілген төлем емес, ол болжам. Әрбір салымшының болашақ зейнетақысының мөлшері оның зейнетақы жинақтарына байланысты екенін ескеру қажет. Жинақтардың көлеміне ең алдымен, зейнетақы жарналарының мөлшері, оларды төлеудің жүйелілігі мен толықтығына байланысты. Сондай-ақ, инвестициялық табыста әсер етеді. Болжамды зейнетақы калькуляторының барлық есептік нәтижелері нақты құндық мәнде ұсынылады, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы