Бүгiн 2026, 12:06 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Зейнетақы жинағын алуға арналған жаңа шек жақын күндері белгілі болады

Жаңа жеткіліктілік шектері 10 күн ішінде жарияланады.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектері 10 күн ішінде жарияланады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біз, Еңбек министрлігі ретінде, тек есептеу формуласына өзгеріс енгіздік (зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектері). Заңнамаға сәйкес, бұл функция Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүктелген. Олар 10 күн ішінде жариялайды, сонда бәріміз шектердің қаншалықты өскенін көреміз, – деді министр Үкіметте өткен баспасөз брифингінде.

Министр 20 жастағы немесе 40 жастағы қызметкерлер үшін бұл шектің қалай өзгеретіні туралы нақты ақпараты жоқ екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін министр Асқарбек Ертаев елімізде зейнетақы жинағын алуға қойылатын шек өсетіні туралы айтқан болатын. 

Тағы оқи отырыңыз: БЖЗҚ-да 45 млрд теңге жатыр: Мыңдаған қазақстандық өз ақшасын әлі алмаған