Зейнетақы жинағы есебінен 162 млн теңгеге баспана сатып алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарының бір бөлігіне қандай баспаналар сатып алынғанын жариялады.

«Отбасы банк» басшысы мәлімдегендей, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалануға рұқсат етілгеннен кейін 2021 жылы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша операциялардың саны 2020 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Бүгін таңертең 179 192 транзакция ипотекасыз аяқталды, бұл үйді толық сатып алу болды. Зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162,4 млн теңгені құрады, яғни бұл бұрынғысынша премиум-класстағы тұрғын үй. Ал бұл сегменттегі ең кішкентай мәміле шамамен 1 миллион теңгені құрады, мүмкін бұл ауылдық жерде немесе облыс орталығындағы бір жерде жасалған келісім болды, - деп айтты ол.

Ләззат Ибрагимова жылжымайтын мүлік бағасының өсуі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елінде жүріп жатқанын айтты.

Бұған тек зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі әсер етті деп айту мүмкін емес. Бағаға инфляциялық процестер мен құрылыс материалдарының қымбаттауы да әсер етіп отыр, - деп түсіндірді ол ОКҚ-да.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы