Зейнетақы жалақы сияқты ай соңында төленбейді

Жамбыл облысында зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тұрақты және уақытылы жүргізіліп келеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік қамсыздандыру» басқармасының басшысы Марат Улеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде облыста жасына байланысты зейнетақы алатындардың саны 141 816 адамға жеткен. Ал 147 767 азамат түрлі жәрдемақы төлемдерін алып отыр.

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері екінші деңгейлі банктер және Қазпошта бөлімдері арқылы ай сайын уақытылы беріледі. Айдың басынан бастап төлем жүргізіледі. Мысалы, қазір шілде айы басталды – осы айдың төлемдері алдын ала беріле бастады. Яғни зейнетақы жалақы сияқты ай біткенде емес, сол ай басталғанда төленеді. Бұл тәжірибе зейнеткерлердің ұсынысы бойынша 2010 жылдан бері қолданылып келеді, – деді Марат Улеков.

Айта кетейік, төлемдер бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылар тиісті сомаларын таңдап алған қаржы ұйымы арқылы алып отырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив
Өзгелердің жаңалығы