Зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға қалай беруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар зейнетақы жинақтарын бағалы қағаздар нарығына инвестициялау мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының алаңында «Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға беру» тақырыбында тегін онлайн-семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.

Семинарға шақырылған спикерлер ретінде инвестициялық компаниялардың өкілдері - Halyk Global Markets басқарма төрағасының м.а. Т. Салимов, BCC Invest басқарушы директоры А. Сүлейменова, сондай-ақ, БЖЗҚ Көшпелі қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы З. Артыкова сөз сөйледі.

Семинардың басты мақсаты - тұрғындар мен кәсіпкерлерге жылжымайтын мүлікті сатып алудың баламасы ретінде бағалы қағаздар нарығында жеке зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері туралы кеңінен түсінік беру. 

Спикерлер инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) қалай дұрыс таңдау керектігі, қаржылық реттеушінің осындай компанияларға қандай талаптар қоятыны, осындай қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ИПБ тізімімен танысуға болатындығы туралы айтып берді.

Бұдан басқа, зейнетақы жинақтарын берудің және қайтарудың қадамдық тетігі, инвестициялау үшін қолжетімді қаржы құралдарының тізбесі, ал басқарушы компаниялардың комиссиялық сыйақысы мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды. 

Іс-шараның интерактивті форматы тыңдаушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға және нақты уақыт режимінде жауаптар алуға мүмкіндік берді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы