Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша 210,8 мың өтініш орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 0,3 тлрн теңгеге немесе 12,6 тлрн теңгеге дейін 2,3%-ке төмендеді. Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 0,3 тлрн теңгеге немесе 12,6 тлрн теңгеге дейін 2,3%-ке төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарналарының көлемі 299,1 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері – 77,1 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 367,2 млрд теңге болса, жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша инфляция 1,9% кезінде 2,8% мөлшерінде кірістілік алынды. Инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді, - деді ол.
Ерболат Досаев Үкімет отырысында азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануы жөнінде де есеп берді.
2021 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 1,0 тлрн теңгеден аса сомаға салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша 210,8 мың өтініші орындалды. Алынған жинақтардың 99,4%-ын азаматтар тұрғын үй мәселелерін шешуге жұмсады. 4 басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына 2,5 млрд теңгеге зейнетақы жинақтары берілді. Өңірлер бойынша бөлуде Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне барлық алып қоюлардың 60,2%-ы тиесілі, - деді ол.
Оның айтуынша, жыл басынан бері банк жүйесіндегі депозиттер 22,5 тлрн теңгеге дейін 2,1%-ке ұлғайды, оның ішінде ұлттық валютада – 3,9%-ке немесе 14,4 тлрн теңгеге дейін 535,0 млрд теңгеге, шетел валютасында 0,9%-ке немесе 8,2 тлрн теңгеге дейін 77,5 млрд теңгеге азайды. Депозиттердің долларлану деңгейі 2021 жылғы ақпанда 2013 жылдан бергі ең төменгі мән 36,2%-ке жетіп, төмендеуді жалғастырды.