Зейнетақы жинақтары: БЖЗҚ күдікті сілтемелерге өтпеуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасалмайтынын ресми түрде мәлімдейді. БЖЗҚ сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды, - делінген хабарламада.

БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы