Зейнетақы жинағын алуға өтінім беретін сайт атауы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
Мен алғаш рет сайттың атауын айтпақшымын. Бұл сайт enpf-otbasy.kz. Біздің БЖЗҚ-мен бірлескен жұмысымыз. Соңғы 2020 жыл ішінде бірлесе жұмыс атқарғандықтан сондықтан сайттың атауында екі органды көрсетуге шешім қабылдадық. Қазір осы сайтқа enpf-otbasy.kz-ке кіретін болсаңыздар, сайтта «жұмыс 23 қаңтар сағат 9:00-ден бастап жұмыс істейді» деп жазылып тұрады. Негізі сервис жұмыс істеуге дайын тұр. Кеше тексеру күні болды. Барлық өтінім формасын, порталға енгізілген шектеулерді тексеріп шықтық. Сайтта көрсетілген барлық өтінімге өтінім беруші тек ЭЦҚ арқылы қол қояды. Сондықтан бүгін тексеріс күні. Ертең сағат 9:00-де клиенттер үшін жұмысты бастаймыз, - деді «Отбасы банк» төрағасы.
Ол елдегі эпидахуалға байланысты филиалдарға бармауға шақырды.
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыстың бәрін онлайн жасау керек. Ертең сағат 9-да немесе 9:30-да өтінім берген алғашқы адамды білетін боламыз. БЗЖҚ 2 жұмыс күнінде өтінімді қарайды. Кейін 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушінің шотына ақша түседі. Енді ақпанның алғашқы аптасында осы бағдарламаның нәтижесін көрген алғашқы өтінім берушілердің рұқсатымен олардың аты-жөнін жариялайтын боламыз, - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова онлайн брифингте.Еске сала кетейік, 23 қаңтарда, яғни ертең «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ уәкілетті оператор ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтыру өршіп барады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы