Зейнетақы бағдарламасы іске қосылғаннан бастап үй бағасы қаншаға қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде екнші нарықта пәтерлер бағасының өсуі жалғасуда. Krisha.kz хабарлағандай, жыл басынан бері динамика 6%-дан асты, ал аймақтардың бірінде ол 30%-ға жақындады.
Бұл ретте Ақтауда рекордтық өсім байқалады. Қаңтармен салыстырғанда құн индексі 27,7% өсіп, бір шаршы метр үшін 245 120 теңге сұрап отыр.
Сонымен ең қымбат үйлердің үштігіне Орал (+10.6 %) мен Атырау (+10 %) кіріп отыр. Онда үйдің шаршы метрінің бағасы 252 980 және 311 360 теңге.
Еліміздің үш қаласында да үй алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша көш бастап тұр. Бұл өз кезегінде нарықтың белсенділігіне және сатушылардың сұраныстарына сөзсіз әсер етті.
Ақтөбеде динамика 8.3%-ға жетті, мұнда шаршы метр үшін 193 620 теңге сұрап отыр.
Қарағанды, Өскемен және Қызылордада қаңтар айындағы бағамен салыстырғанда салыстырғанда сәйкесінше 7,3, 7 және 6,5% -ға өскен.
Басқа қалалардағы динамика мен бағасына тоқтала кетсек:
Павлодар - 5.8%, 270 360 тг/ш. м
Семей - 5.8%, 250 840 тг/ш. м
Қостанай - 5.4%, 267 560 тг/ш. м
Талдықорған - 5.2%, 273 260 тг/ш. м
Петропавл - 4.4%, 322 000 тг/ш. м
Тараз - 3.4%, 222 240 тг/ш. м
Көкшетау - 2.3%, 269 580 тг/ш. М
Республикалық маңызы бар қалалар арасында Алматы көш бастап тұр. Қаңтар айындағы бағамен салыстырғанда үйдің бағасы 4.4%-ға қымбаттады. Наурыз айында Алматыдағы пәтердің бір шаршы метрінің орташа құны - 488 800 теңге.
Шымкентте зейнетақы науқанының екі айында баға 3% - ға өсіп, үйдің бір шаршы метрі үшін 323 460 теңге сұрап отыр.
Елордада өзгерістер аз: үй бағасы 3 % қымбаттаған. Орташа есеппен шаршы метр үшін 367 700 теңге сұрайды.
Наурыз айында баға қалай өзгерді:
Бір ай ішінде елдегі баға өсімі 2.9%-ды құрады. Ең жоғары динамика - Ақтау (+13 %), Қарағанды (+6.1 %), Атырау (+4.9 %), Ақтөбе (+3.9 %) және Қостанай (+2.8%) қалаларында. Алматыда өзгерістер 2% - бен шектелді.
Ең тұрақты бағалар Петропавл (+1.4 %), Тараз (+1.4 %), Нұр-Сұлтан (+1.3 %), Шымкент (+1.3 %) және Көкшетау (+0.3 %) қалаларында.
Бір жылда пәтерлер қанша қымбаттады
Жылдық динамика соңғы жылдардағы рекордты бұзады: екінші нарықтағы орташа баға 20.7%-ға өсті.
Тұрғын үй бағасы ең жоғары 5 қала (2020 жылдың наурызына қатысты):
Павлодар — 32.5%.
Петропавл — 31.3%.
Өскемен — 30.3%.
Қарағанды — 27.8%.
Ақтөбе — 24.5%.
Үй бағасы тұрақты топ-5 қала:
Қызылорда — 17.3%.
Атырау — 16.4%.
Орал — 16.1%.
Алматы — 12.7%.
Нұр-Сұлтан — 5.5 %.
Алдағы уақытта не болады
Krisha.kz-тің мәліметі бойынша, бағаның өсуі баяулайды. Егер бір ай бұрын еліміз бойынша динамика көрсеткіші 3.5% - ды құраса, қазір ол 2.9% - ға дейін төмендеген.