Зейнетақы қоры «Ашық есік күнін» өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 21 маусымында БЖЗҚ «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жиын Бигелдинов қөшесі,12 үй мекенжайында өтетін шарада зейнетақы қорының өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-17:00 аралығында түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді.
Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады.
Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер беріледі.
Жиында мына мекемелердің мамандарымен тілдесуге болады:
- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;
- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;
- «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаменті;
- Кәсіпкерлер палатасы;
- «Қазпошта» АҚ;
- «Нұр-Отан» партиясының өкілдері.
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.