Әуе билетінің құнын арзандату үшін бірқатар шара қарастырылуда - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында республикадағы авиабилеттердің қымбаттағанын атап өтті. Қазіргі уақытта ҚРИИДМ Азаматтық авиация комитеті тарапынан бірқатар шаралар, сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп жатыр.  

"Авиабилеттің өзіндік құны мынадай көрсеткіштерден құралады. Бағаның едәуір бөлігі авиациялық отынның құнын құрайды - бұл шамамен 32%, сондай-ақ әуе техникасын пайдалану, әуе кемелерін жалға алғаны үшін төлемдер және т.б. елеулі шығындарды алады. Авиациялық отынға қатысты. Қазақстанда барлық үш МӨЗ аяқталғаннан кейін, біздің еліміз сырттан тасымалданатын керосиннің импортына тәуелділігін алып тастай алды. Бұл отын бағасының 95 долларға дейін төмендеуіне бірден әсер етті. Бұдан әрі Қазақстан бағаны төмендету, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар үшін ҚҚС азайту жолдарын іздестіруді жалғастыруды жоспарлап отыр" - дейді 24kz арнасына сұқбат берген Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов. 

Оның айтуына қарағанда, Комитетке Еуропа ішіндегі ұшуды мысалға келтіре отырып, ішкі рейстерге авиабилеттердің жоғары құны туралы сұрақтар жиі қойылады.

"Алайда, Қазақстанның ішкі нарығын ЕО-нан айтарлықтай ерекшеленетін бірқатар факторлар бар.  Атап айтқанда, бұл нарықтың тығыздығы, әуекомпания ойыншыларының саны, Еуропада біздің елге қарағанда лоукостерлер санының едәуір артық екендігі, бұл факторлар салауатты бәсекелестікке және авиабилеттер құнының төмендеуіне ықпал етеді. Бірақ, айта кету керек, Қазақстанның қалалары арасында үлкен аумақтар мен қашықтықтар бар және Еуропаға қарағанда халықтың тығыздығы төмен. Сондықтан, километраж бойынша ұқсас авиамаршруттарды талдау кезінде келесі қорытынды жасауға болады. Мысалы, Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша билет құны 22 мың теңгеден басталады. Париж-Рим Еуропадағы қашықтық бойынша ұқсас бағыт, долларлық баламадағы билет құны екі есе асады. Әрине, ЕО-да ұшу кезінде 30-40 минуттан аспайтын қысқа бағыттар көп, бұл соған сәйкес билет бағасына да әсер етеді. Осыған қарамастан, көптеген көрсеткіштер бойынша, бүгінде Қазақстанда авиаұшулар басқа елдермен, атап айтқанда Еуропа елдерімен салыстырғанда баға бойынша бәсекеге өте қабілетті" - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы