Зейнетақы қорындағы жинақты онлайн тексеруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Сіз ай сайын жалақыңыздың 10% бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегідей, оны екі тәсілмен біліп-көруге болады – электронды үкімет порталы мен телеграм-бот арқылы" - дейді ол.

Сонымен қатар, департамент басшысы аталған екі тәсіл арқылы қалай тексеруге болатынын түсіндіріп берді.

"Egov.kz порталы арқылы мәліметтерді білу үшін «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдайсыз. Тиісті өтінішті жолдап, дайын құжатты жеке кабинетіңізден көре аласыз. ЭЦҚ болу міндетті. Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты білу үшін телеграм қосымшасына кіріп, боттағы қызметтер тізімінен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметін таңдайсыз. Мобидьді азаматтар базасына тіркелу міндетті" - дейді Мұрат Жұманбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы