Зейінді шыңдауға арналған жаттығулар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ересек адамның зейіні орта есеппен 20 минутқа жетеді екен. Бұл өте аз уақыт. Маssaget.kz сайты зейінді шыңдауға арналған 7 жаттығу ұсыныпты.
Әр 52 минут сайын үзіліс жасаңыз
Зейініңізді бақылауға алып, әр 52 минут сайын 15-17 минуттық үзіліс жасаңыз. Ең бастысы, 52 минут ішінде еш нәрсеге жалтақтамай, фокусты белгілі бір нәрсеге бағыттаңыз. Үзілістегі демалыс бұған стимул болуы керек. Егер 52 минут тым көп болса, 20 минуттан бастауға болады."Not to do" тізімін жасаңыз
Басқа шаруаға алаңдаған адам негізгі жұмысына қайта білек сыбана кірісуі үшін 25 минут керек екен. Сондықтан "not to do" тізімін жасаңыз. Мысалы Facebook немесе өзге әлеуметтік желіні бір ақтарып шығайын деген ой пайда болғанда оны қазазға жазыңыз. "Facebook-ке кірме" деп тізім жасау арқылы ол ойлан арылуға болады.Қағаз кітап оқыңыз
Кейінгі уақытта онлайн-контент үлесі біршама артты. Адам кітапты онлайн оқыса, зейіні бұзылады. Себебі смартфон, планшеттегі интернет кітап оқумен қатар басқа нәрсеге алаңдауға себеп болады. Сондықтан қағаз кітап оқыған жөн.Қарапайым, оңай жаттығулар жасаңыз
Дюмон Теронның "Концентрация күші" кітабында мынадай қарапайым жаттығулар жазылған:• Креслода 15 минут ештеңе істемей отырыңыз;
• 5 минут бойы жұдырығыңызды ақырын жұмып, ашыңыз;
• Сағаттың секунд тіліне 5 минут бойы көзбен ілесіп отырыңыз.
Медитацияны әдетке айналдырыңыз
Күнде 10-20 минут жасаған медитация бір жұмысқа зейін аударуға жақсы көмектеседі. Нәтижесін төрт күннен кейін байқауға болады екен.Физикалық жаттығу жасаңыз
10-15 минут физикалық жаттығу жасау да зейінді шыңдауға көмектеседі. Тәжірибелерге сүйенсек, тест алдында жаттығу жасаған адамдардың көрсеткіші жақсы болған.Мұқият тыңдауды үйреніңіз
Адам зейіні бірдеңе тыңдап отырғанда жиі бұзылады. Сондықтан мұқият тыңдап, негізгі ойды жүйелеп отыруды үйреніңіз. Кейін оны ойша бір айтып шығыңыз.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертеңнен бастап Шымбұлақ ашылады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы