Зерттеулер түлектеріміздің біліктілігінің төмендігін көрсетеді – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында палата спикері қазір Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық жағдайы 90-жылдары демографиялық сәтсіздік пен туу дағдарысын бастан өткергендіктен ғана салыстырмалы түрде өткір емес екенін атап өтті. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, 2000 жылдардан бастап жағдай өзгерді, туу көрсеткішінің өсуі де байқалып келеді.

Алдағы жылдары жыл сайын 350 мың жас еңбек нарығына шығады. Олардың саны өсе береді. Біз бұл қысымды алдағы 20-30 жылда жиі сезінетін боламыз. Егер 2003 жылы 247 мыңға жуық бала дүниеге келсе, былтыр елімізде 446 мыңға жуық бала туды. Яғни дүниеге келген балалардың саны екі есеге жуық. Біз сіздермен бүгінгі күн үшін емес, болашақ үшін жұмыс істейміз. Ал алдағы жылдары еңбек нарығына жастардың көбірек келетінін және оларды тиісті жұмыспен қамтамасыз ету керегін аңғару қиын емес. Бұл еңбек нарығына қосымша салмақ, - деді Әшімбаев Ералы Тоғжановқа.

Сенат спикері мамандарды сапалы дайындау қажеттілігіне де назар аударды. Ол Дүниежүзілік банк пен басқа ұйымдардың зерттеулері біздің университет пен колледж түлектерінің біліктілігінің төмендігін, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің түлектерімен салыстырғанда олардың бәсекеге қабілеттілігінің жоқтығын көрсететінін атап өтті.

Алдағы жылдарға тиісті еңбек және білім беру саясатын жоспарлап, жүзеге асыру кезінде біз осы жайларды есте ұстауымыз керек. Елімізде университеттер мен колледж түлектерінің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына қосылмай, сапалы жұмысқа тұруы үшін олардың біліктілігін арттыру маңызды, – деп толықтырды ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы