Зерттеу орталығы мен музей арасында меморандум жасалды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи музей қорығы арасында меморандум жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұма, «Таңбалы» музей қоры директоры Мадияр Әмірғалиев, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Геральдикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Марат Әбсеметов, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі басшысы, журналист Жарқынбек Жұмаділұлы қатысты.
Өзара ұсыныс-пікірлермен жалғасқан жиында тың дүниелер айтылды. Ендігі кезекте ортақ мақсатты тек жүзеге асыру, нәтижелі жұмыс жасау.
Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Визит-орталығы үшін 24 га жер берілген. Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды.