Зерттеулер аса қауіпті ауруларға теріс нәтиже берді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Жылыой аудандық жергілікті атқарушы органдарының ақпаратына сәйкес 2019 жылдың 3 шілдесінде Ақкиізтоғайда - 3 бас түйе 9 шілдеде - 3 бас түйе, 12 шілдеде - 6 бас түйе шығыны тіркелген, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты.
"Өлген түйелерден паталогиялық материалдар алынып, аса қауіпті ауруларға және шөп пен судан сынама алынып, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалында тексерілген. Зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша аса қауіпті ауруларға теріс нәтиже берілді. Сонымен қоса 15 шілдеде Құлсары қаласы «Жандырасын» ықшам ауданы - 4 бас түйенің шығыны тіркелген. Өлген түйелерден сынамалар алынып зерттеулер жалғасуда", - делінген таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ, 28 шілдеде 3 бас өлімі тіркеліп ветеринариялық мамандармен паталогиялық сынамалар алу үшін жарып сою кезінде көмекейден эстроз құртының көп мөлшерде анықталды. Қазіргі таңда, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалында лабораториялық зерттеулер жүргізілуі басталады делінген таратылған ақпаратта.
Ал Маңғыстау облысы Бейне ауданыңдағы түйелердің Боранқұл ауылында 8 бас түйе шығыны тіркелген. Өлген түйелерден паталогиялық материалдар алынып, аса қауіпті ауруларға қарсы және су, шөп сынамалары тексеріліп, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Маңғыстау облыстық филиалында ветеринариялық зертхана алкалойдтардан уланғанын анықтады.
"Сонымен қатар, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-ның 1 сынама нормадан жоғары кадмий бар екендігі анықталды. Мал иелері арасында мал жайылымы мен суаттарды ауыстыру бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Қазірде аталған облыстарда эпизоотиялық ахуал бір қалыпты және өңірлердің ветеринариялық қызметін жіті бақылауында", - делінген таратылған ақпаратта.