17 Мамыр 2020, 10:02
Зертхана қызметкерлеріне төлем жасау ережесі өзгертіледі
Алматы, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында зертхана қызметкерлеріне төлем жасау ережелеріне өзгерістер енгізу керек екенін хабарлады.
Алматы, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында зертхана қызметкерлеріне төлем жасау ережелеріне өзгерістер енгізу керек екенін хабарлады.
Бүгін елорданың Ұлттық сараптама орталығының аймақтық вирусологиялық зертханасында болдым. Бұл тәулік бойы жұмыс істеп, коронавирус инфекциясына сынамалар алып жүрген тәжірибелі вирусологтар, зертханашылар мен мамандар. Бұл — тәулік бойы жедел жәрдемдегі, қала емханаларындағы пациенттер мен вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдардан, медицина қызметкерлері мен әскери бөлім мамандарынан алынған сынамаларды ПТР-тестілеуге әкелетін орын. Ұжыммен кездесіп, үстеме ақы мәселесін талқыладық. Зертхана қызметкерлеріне ақы төлеу ережелеріне өзгерістер енгізу керек деп шештік, өйткені олар вирусты жұқтыруы ықтимал пациенттермен және олардың биологиялық сынамаларымен үнемі тікелей жұмыс істейді, - деп жазды Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, министр COVID-19 індеті басталған кезде әріптестері 600 тест алғанын, қазіргі таңда тәулігіне шамамен 2000-ды құрайтынын атап өтті.
Барлық мәліметтер зертханалық ақпарат жүйесіне (ЗАЖ) енгізіледі. Індетті басқаруды автоматтандыру үшін зертханалық ақпарат жүйесін ауруханалар мен емханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді министр.
- Қазақстан банктеріне цифрлық теңгені резерв ретінде пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін 14:11
- Қорқытып-үркіту мен қатыгез «система»: Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты іс сотқа жолданды 13:52
- Қазақстанда несие алу қиындады: Енді халықтың қарызы азая ма? 13:33
- 112-ден хабарламалар неге кешігіп келеді? ТЖМ мәселені қалай шешетінін түсіндірді 13:09
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінің толық нұсқасы 13:05
- Қазақстандықтардың жарық пен жылуға төлейтін ақысы тағы қымбаттай ма? Министр алдағы жоспарын айтты 12:57
- Қазақстан Ресейге бензин сатудан бас тартты ма? – Энергетика министрі қауесетке жауап берді 12:55