Зеренді жылу құбырындағы апат: 466 тұтынушы жылусыз отыр

Ақмола облысының Зеренді ауданында жылу құбырының 200 метрден астам металл конструкциясы құлап, 466 абонент жылусыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін наурыздың 28-де болған.

Апаттың салдарынан 466 абонент жылусыз қалды. Бүгін кешке дейін абоненттер жылу қазандығына қосылады. Қазір кезде мамандар апаттың себептерін анықтап жатыр. Жылу құбырының құлаған учаскесін қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйыммен шарттық міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: almaty.tv
Өзгелердің жаңалығы