Зеренді ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұлттық бюроның Ақмола облысы бойынша департаменті Зеренді ауданы әкімі және оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
«Аудан әкімі өзінің орынбасары арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорынан ауыл шаруашылығына арналған көлемі 300 гектар жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту үшін «3 млн теңге пара алды» деген күдікке ілінді.Оқиға орнын тексеру нәтижесі бойынша әкімнен 2 млн теңге тәркіленді. Сондай-ақ, одан бұрын алынған 1 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатының бөлігі анықталды», - деді Жанна Бастарова.
Сонымен қатар, ол сотпен аудан әкіміне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданғанын, әрі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Дәурен Ерболат
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада дәрігерлердің орташа жалақысы қанша
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы