Әзербайжан мен Армения арасындағы келісім бұзылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы Тертер мен Агдам елді мекендеріне Арменияның қарулы күштері оқ атып жатыр, деп мәлімдеді КТК арнасы.
Келісімге байланысты Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату режимі жергілікті уақыт бойынша 12:00-де тоқтауы керек болатын. Келіссөздерге Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысқан болатын.
Тертер мен Агдамға қарсылас тараптанн оқ атылып жатыр, - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан тарапы атыс режимін бұзылды деп айыптады. Арменияның Қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисян Әзербайжан қарулы күштерінің пилотсыз ұшу аппараттарының зымыран соққысы Капанға жақын Артсваник ауылына құлағанын айтты. Бір адам қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда 12 жасар қыз жоғалып кетті
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы