Әзербайжан кітапханасы қазақ ақын-жазушыларының жинақтарымен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжандағы ең ірі кітапхананың қоры қазақ ақын-жазушыларының заманауи 60 жинағымен толықты, деп хабарлады "Хабар 24".

Әзербайжан ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасына бұл басылымдарды Қазақстан елшілігі сыйға тартқан. Осыған дейін кітапхана қорында 19-20 ғасырдағы қазақ жазушыларының жинақтары болған еді. Енді сөрелерде заманауи қазақ әдебиеті туындылары да пайда болды. Бұл кітаптар оқырмандарды Қазақстан халқының мәдениеті, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымен таныстырады.

Соңғы жылдары Абай Құнанбайұлының, Немат Келімбетовтың кітаптары, "Қобыланды батыр" жыры мен өзге де қазақ әдебитетінің көптеген үлгілері әзербайжан тіліне аударылған. Орталық ғылыми кітапханада қазақстандық басылымдар үшін арнайы бөлім ашылды. Оны жыл сайын жаңа туындылармен толықтыру көзделіп отыр. 
Қазақстан кітапханаларымен ынтымақтастықты дамыту бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Өйткені, Қазақстан – озық ақпараттых технологияларға ие ел. Технологиялардың осындай деңгейі кітапханаларды дамытуға да әсер етіп отыр. Электронды түрде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін заманауи бағдарламаларымыз бар, - дейді Әзербайжан орталық ғылыми кітапхананың директоры Лейла Иманова.   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы